Шымкенттегі жұмыс

Табылды 805 бос қызмет орны

Салалар бойынша бос қызмет орындарын іздеу

Шымкенттегі жұмыс

Қазақстанның халық саны бойынша екінші, жер аумағы бойынша бірінші қаласы бүгінде мегаполиске айналғаны сөзсіз.Еліміздің өндірістік, сауда және мәдени орталықтарының бірі – Шымкент қаласы да карыштап дамып келеді.Бүгінде Шемкентте он мыңдаған қалалықтар бос қызмет орындарын тауып жатыр.Қала халқының саны миллионға жақындап қалды. Жұмыс орындарының саны да артып келеді.Тек қана облыс орталығының өзінде-ақ түсті металлургия, машина жасау, химиялық өндіріс, мұнай өңдеу және тамақ өнеркәсібі сияқты өндірістік мекемелер саны 100-ге жетіп қалды.Шымкентте бос қызмет орындарының саны күн санап артуда. Қалада еліміздегі алғашқы фармацевтік кластер жұмыс істеп жатыр.Оңтүстіктің климаты аймақта мол өнім жинауға жағдай жасайды және бұл жаңа тамақ өнеркәсіптерінің көптеп ашылуына себепші болады.Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысын туристік аймақ деп те атауға болады: тауға шығу, аңшылық және балық аулау сияқты іс-шаралар жүргізіледі.Осыған байланысты қалада конақүйлер мен қоғамдық тамақтану орындары көптеп ашылуда.

Еңбек нарығы нені ұсынады?

Шағын және орта бизнес пен сауда – аймақтағы жұмыс орындарының басты көзі.Шымкентте еңбекақысы жоғары жұмыстар юриспруденция, медицина, құрылыс сияқты өзге салаларда да бар.

Дегенмен, ең сұранысқа ие орындар тізімі төмендегідей:

  • сауда өкілі
  • сауда-саттық бойынша менеджер
  • сатушы
  • бухгалтер (қаржыгер)
  • аспаз (работник ресторана)
  • фармацевт

Сауда өкілі мен сату жөніндегі менеджерінің міндеті ұқсас – клиенттермен жұмыс жасау, жаңа клиенттер табу, фирманың табысын қамтамасыз ету.Сату саласында ұялы байланыстан бастап сән салондарына дейін түрлі бағыттағы жұмыс орындарын табуға болады.Көптеген менеджерлердің жалақысы олардың белсенділігіне, яғни сату көлеміне тікелей байланысты.Бухгалтерлер кез-келген компанияға керек, ал қалада олардың тіркелген саны да аз емес.Сонымен қатар, банк жүйесіне де мамандар талап етіледі.Бухгалтерлік есепті түсінетін адам фирмада көлемді жалақылы жоғары лауазымда қызмет атқара алады.Қызмет көрсету саласы Қазақстанның оңтүстігінде жақсы дамыған.Бірақ, сервиске деген талап жылдан-жылға артуда. Өз ісін жақсы білетін даяшылар, бармендер, хостес сияқты мамндар үлкен сұранысқа ие.Қалада фармацевтік кластер жақсы дамуда. Өндіріске технологтармен қатар, дәріхана фармацевтері де талап етіледі.

Шымкентте қайдан жұмыс іздеу керек?

Бүгінде интернет арқылы Шымкентте жұмыс іздеу еңбек нарығында кеңінен таралған және жұмыс іздеудің ең ыңғайлы тәсілі.Егер Сіз rabota.nur.kz сайтында тіркеліп түйіндемеңізді құрсаңыз, орташа жалақы көлемін біле аласыз және ашық бос қызмет орындарының алуандылығы жайлы түсінік қалыптастыра аласыз.Сайттағы барлық ұсыныстар әрдайым белсенді және Сіз кез-келген ұнаған ұсынысқа лезде жауап қайтара аласыз.Ал сауатты жасалған түйіндеме жұмыс берушіні қызықтыруы мүмкін және ол өзі Сізге сұхбаттасуға шақырту жібереді.rabota.nur.kz сайтымен мансап құру және табысқа жету оп-оңай.

толығырақ