Өскемендегі жұмыс

Табылды 270 бос қызмет орны

Салалар бойынша бос қызмет орындарын іздеу

Өскемендегі жұмыс

Көрікті Алтай тауларының маңында, ірі өзендер тоғысқан жерде орналасқан Шығыс Қазақстан облысының әікмшілік орталығындажұмыс орындарының саны артып, дамуда. Қалада 300 мыңнан астам адам тұрады.Шығыс аймақ өткен ғасыдың ортасынан бастап Қазақстанның түрлі-түсті металлургия орталығына айналған.Бүгінгі күнде де бұл жағдай өзгеріссіз қалды. Өскеменде жұмысты түрлі-түсті металдар өндіретін кәсіпорындардан табуға болады.Дегенмен өзге салалар да қарқынды дамуда. Мәселен, азық-түлік өнеркәсібі.

Еңбек нарығы нені ұсынады?

Қазақстанның өзге аймақтары секілді қалада да сауда-саттық пен қызмет көрсету саласы дамып жатыр.Өскеменде студенттер үшін бос жұмыс орындары баршылық - олар даяшылар немесе сатушылар болып жұмыс істей алады.

Дегенмен, нағыз білікті және тәжірибелі мамандар тапшы салалардың тізімі келесідегідей:

  • өндіріс
  • сауда
  • логистика мен қойма
  • хатшылық пен іс қағаздарын жүргізу
  • медицина

Өскеменде өндірісте жұмыс істеу қашан да түрлі-түсті металлургиядағы еңбекті білдіре бермейді.Шаруашылықтар мен азық-түлік өндірістері дамып, барлық деңгейдегі қызметкерлерді іздестіруде – қарапайым жұмыскерлерден бастап, инженер-технологтарға дейін.Малды өсіретін фермалар, шаруашылықтар ашылуда. Одан бөлек Шығыс Қазақстан - республиканың бал астанасы атанып кеткен.Саудада бірінші кезекте сатып алушы мен сатушының арасын байланыстырушы сауда-саттық менеджерлері талап етілуде.Логистер мен қойма мамандары да сауда-саттық саласында қызмет етуде.Қалада әкімгерлер мен кеңсе менеджерлері айтарлықтай сұраныста. Бұл жұмыс бірінші кезекте жастар үшін.Өскеменде Қазақстанның өзге өңірлеріндегідей медициналық қызметкерлер тапшы.Қалада жоғары біліктілікті қажет етпейтін медбикелер сұранысқа ие.Қалаға, сонымен қатар бухгалтерлер мен құрылысшылар керек.Статистика бойынша Шығыс Қазақстандағы орташа жалақы - 70-100 мың теңге.Өскеменде әлдеқайда жоғары жалақы төленетін бос жұмыс орындары да баршылық - транспорт және логистика саласында, медицинада және қаржы секторында.

Өскеменде жұмысты қалай іздеу керек?

Өскеменде жұмыс іздеуден ләззат алуға болады, ол үшін rabota.nur.kz сайтын сауатты қолдансаңыз болғаны: тіркеліңіз,түйіндеме құрыңыз және электронды поштаңызға өзіңізге лайықты, күнделікті жаңартылып тұратын бос жұмыс орындары тізімін алып тұрыңыз.Немесе сайттың іздеу жүйесі арқылы бос жұмыс орындарын өзіңіз іріктеңіз.Ең бастысы, барынша ақпаратқа қанық түйіндеме құрыңыз - осылайша жұмыс беруші сізді оңай тауып алатын болады.

толығырақ