Оралдағы жұмыс

Табылды 188 бос қызмет орны

Салалар бойынша бос қызмет орындарын іздеу

Оралда жұмыс

Батыс Қазақстан орталығы үздіксіз дамуда – қалада 280 мыңнан астам тұрғын бар.Аймақта мұнай және газ өндіру қарқынды дамуда, сондықтан, мекемелердің көпшілігі мұнай өндіру, тасымалдау және өңдеуге қажетті жабдықтар шығаруға бағытталған.Бірақ, Оралда жұмыс басқа салаларда да бар. Өнеркәсіп, машина жасау, тамақ өнеркәсібі және жеңіл өнеркәсіп салалары да дамуда.Қалада ұн мен жарма өндіріледі, сонымен қатар, республиканың басқа қалалары мен көрші Ресейге жеткізілетін құрылыс материалдары да шығарылады.Қалада Қазастанның дәрілік шикізат өндіретін жалғыз кәсіпорыны мен әскери кемелер шығаратын жалғыз зауыт жұмыс істейді.Таяу уақытқа дейін Оралда жұмыс табудың жеңіл жолы мұнай және газ кен орындарына вахталық жұмысқа кетіп қалу болатын.Бірақ, қазіргі уақытта аймақта жалақы көлемі артуда, сондықтан қалада жұмыс істеу де тиімді болуда.

Еңбек нарығы нені ұсынады?

Соңғы жылдары аймақтағы орташа жалақы көлемі екі есеге артып, 100 мың теңгені құрады.Әрине, мұнайшылар мен басқарушы қызметтегілердің жалақысы көбірек, бірақ басқа мамандардың да еңбектеріне лайық жалақы алуға мүмкіндіктері бар.

Оралда жаңа бос қызмет орындары көбіне келесі мамандарға табылып жатады:

  • сауда өкілі
  • сатушы
  • жұмысшы
  • бухгалтер

Сауда өкілдері үшін сауда саласында еңбек өтілі болғаны дұрыс, бірақ міндетті емес. Қазақстан нарығына қатысуын кеңейткісі келетін компанияларда жергілікті өкілдер жиі сұранысқа ие. Егер жеке көлігің мен жүргізуші куәлігің бар болса көбірек ақша табуға болады.Сатушы-консультант болып кішігірім дүкенге де, республикалық дүкендер желісіне де жұмысқа орналасуға болады. Қалаға қазір тұрмыстық техника мен электроника, спорттық тауарлар мен косметика сатумен айналысатын жаңа компаниялар көптеп келуде. Компанияда лайықты орынға ие болу үшін сайыстан өту керек.Қаланың қаржы секторы да қызметкерлер іздеуде. Оралда бухгалтерлер үшін бос қызмет орындары әрқашан табылады.Ірі фирмалар мен кіші кәсіпорын иелеріне осындай мамандар әрдайым керек. Сарапшы-мамандарға да сұраныс жоғары.Заңгерлер мен кадр бөлімінің басшылары да талап етілетін мамандардың қатарында.Бірақ, аталған қызметтерге орналасу үшін көбіне кемінде 5 жылдық еңбек өтілі қажет.Қалада жұмысшылар да керек: электриктер, токарьлар, өндіріс орындарына қара жұмысшылар. Өндірістік-техникалық бөлімге инженерлер, инженер-сметашылар, жабдықтаушылар әрдайым сұраныста.Құрылыс – адамдар әрқашан керек сала.Оралда сұлулық индустриясында да жұмыс табу оңай – салондар өте көп, визажистер, шаштараздар мен маникюр шеберлері бәріне керек.

Оралда қайдан жұмыс іздеу керек?

rabota.nur.kz сайтында тіркелсеңіз армандаған жұмысыңызды табуға мүмкіндік жоғарылайды. Өзіңіздің еңбек өтілі мен жетістіктеріңіз жазылған түйіндеме құруыңыз қажет.Рекрутер ондаған түйіндемелердің арасынан Сіздікін таңдайтындай ету үшін бәрін жасау керек. Жұмыс беруші Сізбен кездесуден бұрын Сіз жайлы бәрін біліп, қызығушылық танытатын болады.Ал «Бос қызмет орындары» бөлімінде Сіз Оралда бүгінде белсенді бос қызмет орындарын оңай іздеп таба аласыз. Мүмкін, дәл осында Сізді өзіңіз ұзақ іздеген қызмет орны күтіп тұрған болар.

толығырақ