Теміртаудағы жұмыс

Табылды 79 бос қызмет орны

Салалар бойынша бос қызмет орындарын іздеу

Теміртауда жұмыс

Қарағанды облысының көлемі жағынан екінші қаласы болып келетін Теміртау республикамыздың ірі өнеркәсіп орталықтарының бірі.Қала елордамызға жақын орналасқан және 180 мыңнан астам тұрғыны бар.Өнеркәсіп өнімдерінің көп бөлігі металлургиялық комбинатқа тиесілі. Және Теміртауда жұмыс ең алдымен өнеркәсіп саласында өте көп.Сонымен қатар, цемент, химикаттар, тоңазытқыш, кірпіш шығарады. Тамақ өнеркәсіптері де жұмыс істейді, соның ішінде сүт өнеркәсібін атап кетсе болады.Қалада қоғамдық көлік жүйесі дамыған және жеке электр қуатын өндіру өнеркәсібі бар.

Еңбек нарығы нені ұсынады?

Қазақстанның металлургия астанасы тұрғындарына сауда-саттықтан бастап өнеркәсіпке дейін түрлі салада жұмыс орындарын ұсынады.

Қала үздіксіз дамуда, тұрғын саны да артуда. Теміртауда әр адам жұмыс таба алады. Бірақ, ең сұранысқа ие мамандар мынадай:

  • технолог
  • инженер-монтажшы
  • арнайы техника жүргізушісі
  • жұмысшы персонал
  • бухгалтер

Жоғары білімі бар технологтар түрлі өнеркәсіптерге керек: бетон немесе кірпіш өнеркәсіптері, полиграфтық, тамақ өнеркәсіптері.Аз тәжірибемен технолог көмекшісі болып жұмысқа орналасуға болады.Металл құрастыруға маманданған инженер-монтажшылар ғимараттар, құбыр желілерін және басқа да құрылыстарды тұрғызуға және жөндеуге керек мамандар.Электршілер де сұраныста.Жаңа бос жұмыс орындары Теміртауда C, D және Е деңгейдегі көлік жүргізушілер үшін де ашық.Жол-құрылыс компаниялары және металлургиялық комбинаттар арнайы техника жүгізушілерін – жүк аударғыш көлік (самосвал),жол тегістейтін көлік, жүк тиегіш көлік жүргізушілерін жұмысқа алуға дайын.Өнеркәсіп саласында жұмысшы күш әрқашан сұраныста. Жұмысшылар құрылыс нысандарын салуға, өнеркәсіп мекемелеріне қажет.Қалаға жақын орналасқан елдімекендерге вахталық жұмыстарға бос орындар өте көп.Аймақта қаржы секторы да жаңа үміткерлерге әрдайым ашық. Теміртауда бос жұмыс орындары бүгінде бухгалтерлер үшін де аз емес.Қаланың барлық ұйымдарына құжаттармен жұмыс жасауды және жалақы төлеу жұмыстарын білетін мамандар керек.Оған қоса, қаржы білімі мен тәжірибесі бар маман қаржы директоры болып та орналаса алады. Банк саласына да қызметкерлер керек.

Теміртауда жұмысты қайдан табуға болады?

rabota.nur.kz сайты пайдаланушыларына қаланың барлық жаңа және белсенді бос жұмыс орындарын ұсынады.Жаңа ұсыныстар күн сайын жаңарып тұрады. Қызықтырған жұмыс орнын әркім таба алады.Теміртауда жұмыс іздеу сәтті болғанын қаласаңыз, сайтта тіркеліп, сауатты түйіндеме құруыңыз керек. Сонда өзіңіз ұнатқан жұмыс орнына жауап жібере аласыз.Немесе, жұмыс беруші Сізді көп үміткерлер арасынан таба алады.Бастысы, rabota.nur.kz сайтын күнделікті бақылап, еңбек нарығы Сіз үшін бүгінде не дайындағанын біліп отыруыңыз керек.

толығырақ