Тараздағы жұмыс

Табылды 126 бос қызмет орны

Салалар бойынша бос қызмет орындарын іздеу

Тараздағы жұмыс

Көне қала мұражай, ескерткіштерімен ғана емес, химиялық өнеркәсібімен де танымал. Арнайы экономикалық зонаның базасында химиялық кластер құрылуда.Бұдан бөлек алтынөндіруші комбинат модернизациялануда, толық циклді кәсіпорындар ашылуда, мәселен, гипскартон өндіретін зауыт.Тарада жұмысты өндірісте де, сауда саласында да табуға болады – қалада ірі базарлар мен сауда орталықтары орналасқан.Жамбыл облысында туризм дамуда. Турфирмалар тарихи орындар мен табиғаты әсем жерлерге маршруттар ұсынуда.Таразда жаңа бос қызмет орындары туризм саласында да баршылық.Қазастанның ірі қаласының халық саны бүгінде 350 мыңға жеткен.Олар үшін және қонақтарт үшін демалыс зоналары, аквапарктер кафелер мен мейрамханалар ашық.Бизнес орталықтар, сауда кешендері, ірі ғимараттар мен ықшамаудандардың құрылыстары жүргізілуде. Таразда жұмыс көптеген салаларда бар.

Еңбек нарығы нені ұсынады?

Таразда бос жұмыс орындарын IT саласында, құрылыста және химиялық кластерде табуға болады.Дегенмен, бүгінде негізінен сауда және қаржы саласындағы адамдар тапшы.

Сұранысқа ие мамандар тізімі келесідегідей:

  • сатушылар
  • сауда өкілдері
  • бухгалтерлер (қаржыгерлер)
  • құрылысшылар

Медицина - ең табысты салалардың бірі. Медицина қызметкерлерінің жалақысы топ-менеджерлердің жалақысымен тең және шамамен 300 мың теңгені құрайды.Түрлі мамандықтағы дәрігерлер қажет, әсіресе педиатрлар. Қалада туылу көрсеткіші өсуде, сол себепті балалардың денсаулығын бақылап отыру керек.Сатушыларды жұмысқа еңбек өтілімен де, өтілінсіз де, білімі барын да, жоғын да ала береді. Сатушылар әдетте кассашы да болып жатады.Жедел мансаптық жоғарылау әбден мүмкін – аға сатушы немесе менеджерлікке дейін.Сауда өкілдері, аймақтық өкілдер, сату бойынша агенттер - бүгінде Тараздағы ең өзекті бос жұмыс орындары.Көптеген республикалық компаниялар желісін кеңейтіп, аймақтарда дамуда. Аяқ киім, киім, азық-түлікті сату керек.Бухгалтерлер мен бухгалтерлердің көмекшілері түрлі компанияларда сұранысқа ие. Қаржылық білімі бар, нарықты сараптай алатын өзге мамандар да тапшы.

Таразда жұмысты қайдан іздеу керек?

Сіздің қолыңызда барлық мүмкін арналар бар – хабарландырулар, газеттер және ішіндегі ең ыңғайлысы - интернет.Таразда жұмыс іздеуді оңай етуге болады, ол үшін rabota.nur.kz сайтына тіркеліңіз.Өзекті бос жұмыс орындары сізге кез-келген уақытта қолжетімді болмақ.Сіз іздеу жолағына өзіңізді қызықтырған қызметті енгізе отырып, бірден өзекті ұсыныстар тізімін ала аласыз.Сауатты құрылған түйіндеме іздеу үдерісін жеделдете түседі – жұмыс беруші сізді байқайтын болады.

толығырақ