Семейдегі жұмыс

Табылды 94 бос қызмет орны

Салалар бойынша бос қызмет орындарын іздеу

Семейдегі жұмыс

Семей облысының тарқағанына он жылдан астам уақыт өткеніне қарамастан, Семей әлі күнге дейін облыстық маңызға ие ірі қала болып қалып отыр.Мұнда бүгінде 300 мыңнан астам адам тұрады, тұрғындар саны күн санап артуда. Семейде әр тұрғын үшін жұмыс табылады - қалада ондаған өнеркәсіптік кәсіпорындар қызмет етеді.Мұнда саланы барлық қажет материалдармен қамтамасыз ететін құрылыстық индустрия дамыған. Аймақ, сонымен қатар көлік құрастыру өндірісіне де ден қоюда.Семейде бос қызмет орындары азық-түлік пен жеңіл өнеркәсіптен де табылады. Қалада былғары және жүннің жартылай дайын өнімдері, сүт, ет пен ұн өндіріледі.

Еңбек нарығы нені ұсынады?

Бүгінде Қазақстанның ең көне қалаларының бірі атауын өзгертіп, ендігі Семей ядролық полигонымен байланыстырылмайтын болды.Семейліктердің өмірі мен өндірісі ендігәрі аймақтың бейбіт дамуына бағытталған. Бүгінде Семейде бос қызмет орындары түрлі салаларда бар – білім беруден бастап медицинаға дейін.

Алайда ең сұранысқа ие мамандықтар келесілер:

  • сауда
  • бухгалтерия және қаржы
  • өндіріс
  • құрылыс

Сауда-саттық бүгінде елдің барлық өңірлерінде дамуда. Мәселен, Семейде республикалық компаниялардың аймақтық сауда өкілдері мен кассашы және сатушы секілді қатардағы дүкен қызметкерлері сұранысқа ие.Фармацевтикалық бизнеске менеджерлер қажет. Қала бойынша орташа жалақы 80 мыңнан 100 мың теңгеге дейін жетеді.Бухгалтерлер кәсіпорындарға да, сауда ұйымдарына да керек. Қаржы саласындағы маман басшылық қызметтен үмітті бола алады.Семейде инженерлерге жұмыс табу қиынға соқпайды. Кәсіпорындар түрлі мамандарды іздестіруде - еңбек күзеті бойынша инженерлер, инженер-электриктер, технологтар.Соңғылары азық-түліктік өнеркәсіпте сұранысқа ие.Жұмысшы мамандарға да бос жұмыс орындары жетерлік - монтаждаушылар, темір шеберлері, балқытушылар және жүргізушілерге.Түрлі дайындығы мен еңбек тәжірибесі бар құрылысшылар да қажет. Бүгінде қаланың келешекті бөлігіне айналатын ірі ықшамаудан салынуда.

Семейде жұмысты қалай іздеу керек?

Rabota.nur.kz сайты Семейде жұмыс іздеуді жеңіл әрі жылдам етті. Рекрутингтік агенттіктерді шарлауға уақыт жұмсаудың, бос жұмыс орындары бар газеттерді сатып алудың еш қажеті жоқ.Жұмыс берушілердің ұсыныстары туралы барлық ақпаратты біз сайтта бір жерге жинақтадық. Сіз тек онда тіркеліп, түйіндемеңізді құрып, оны ұнатқан бос жұмыс орнына жіберсеңіз болды.

толығырақ