Павлодардағы жұмыс

Табылды 418 бос қызмет орны

Салалар бойынша бос қызмет орындарын іздеу

Павлодарда жұмыс

Еліміздің үлкен өнеркәсіп орталығы Қазақстанның ең ірі өзені Ертістің жағасында орналасқан.Аймақта мұнай өнімдері, химикаттар, глинозем шығарылады. Қара және түсті металлургия зауыттары жұмыс істейді.Бұл – республиканың алюминий өңдейтін орталығы.Қалада 335 мыңнан астам тұрғын бар. Павлодарда металлургия және мұнай өңдеу салаларында жұмыс табу жеңілірек.Бірақ, соңғы кездері аймақта тамақ өнімдері мен құрылыс материалдары, соның ішінде жабындық материалдар мен картон көптеп шығарылуда.Облыстың көлемі жағынан екінші орындағы елдімекен – Екібастұзда – электроэнергетика мен көмір өндіру жақсы дамыған.

Еңбек нарығы нені ұсынады?

Павлодарда жаңа бос қызмет орындары металлургия саласында ғана емес, сауда, шағын және орта бизнес, тамақ өнеркәсібі салаларында да аз емес.

Осыған байланысты елімізде келесі мамандарға сұраныс жоғары:

  • сауда менеджері
  • тамақ өнеркәсіп технологы
  • бухгалтер
  • кассашы

Сауда менеджерлері, аймақтық менеджерлер, және де қызмет саудасы мамандары – қалада еліміздің ең сұранысқа ие бос қызмет орындарының қатарында.Үміткерлерден белсенділік талап етіледі, ал басқарушы лауазымдардан үміткерлер үшін еңбек өтілі, нарық және маркетинг негіздерін білу талап етіледі.Бухгалтерлер, экономистер және қаржы менеджерлерінің көмекшілері, тексеруші (аудитор) және тәуекелді бағалаушылар шағын бизнеспен қатар, ірі компанияларға және банктерге керек.Павлодарда дамып келе жатқан тамақ өнеркәсібінде де бос жұмыс орындары бар.Өндіріс технологтары, биология және химия саласында білімі бар лаборатория меңгерушілері, ірімшік жасаушылар кәсіпорындарда жоғары сұраныста.Аймақта көкөніс өсірілмейді, бірақ сүт өнімдері шығарылады. Сонымен қатар, наубайлық және кондитерлік цехтер жұмыс істейді.Тамақ өнеркәсіптеріне еңбек өтілі бар қызметкерлермен қатар қатардағы жұмыскерлерді де жұмысқа алады.Аймақта ірі металлургиялық өнеркәсіптеріне де қызметкерлер қажет етіледі.Павлодарда бос қызмет орындары басқарушы қызметтер мен орта деңгейдегі лауазымдармен («цех мастері» сияқты) қатар, түрлі жұмыс атқарушыларды, токарьлар, желі операторларын да жұмысқа қабылдайды.

Павлодарда қайдан жұмыс іздеу керек?

Ертеректе қаладан жұмысты таныстар арқылы немесе хабарландырулардан іздейтін. Бүгінде техникалық дамудың арқасында бұны тез әрі оңай жүзеге асыруға болады.Жұмыс іздеуде нәтижеге жетуге rabota.nur.kz сайты үлкен мүмкіншілік береді. Ол үшін сайтта түйіндемеңізді құруыңыз қажет.Сайт жүйесімен жұмыс істеу оп-оңай: Сіз қаладағы белсенді бос қызмет орындарын кез-келген уақытта көре аласыз, жұмыс берушілер Сіздің түйіндемеңізді кез-келген уақытта қарай алады.Ашық бос қызмет орындары базасы күнделікті жаңартылып, толықтырылып отырады.Сіз түйіндеме құрған сәттен бастап, Сізден тек еңбек нарығының ұсыныстарын бақылап отыру талап етіледі.Осылайша, Павлодарда жұмыс іздеу міндетті түрде өз нәтижесін береді!

толығырақ