Қызылордадағы жұмыс

Табылды 56 бос қызмет орны

Салалар бойынша бос қызмет орындарын іздеу

Қызылордадағы жұмыс

Қызылорда облысының астанасында бүгінде 270 мың адам тұрады.Аймақ шөлді әрі құрғақ климатпен танымал, дегенмен жыл сайынғы Сырдарияның ағыны өзен маңында күріш өсіруге мүмкіндік береді.Бақшалық күріштер де жақсы өседі. Бұл азық-түлік өндірісінің дамуына мүмкіндік береді.1980 жылдары аймақта мұнай мен газ өндіріле бастады, ал 20 ғасырда қазақ-қытай компаниясы уран кен орнын құруды қолға алды.Арал теңізі мен Сырдарияда балық аулайды.Қызылордада бос жұмыс орындары өзге салаларда да бар – облыс аймағында Бейнеу-Бозой-Шымкент газқұбырының, сонымен қатар «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолының құрылысы қолға алынған.

Еңбек нарығы нені ұсынады?

Қала бүгінде белсенді түрде дамып жатыр. Қаржылар коммуналды шаруашылыққа, жол жөндеуге, білімге, құрылысқа жұмсалуда.Қызылордада құрылысшылар үшін жұмыс баршылық - жаңа балалар бақшасы, мектептер, емханалар, тұрғын үйлер салынуда. Жаңа өндірістер ашылуда.

Алайда көптеген қызылордалықтар сауда саласына ден қойған. Бүгінде сұранысқа ие мамандықтар келесідегідей:

  • сатушы-консультант
  • сауда өкілі
  • оқытушы
  • инженер

Сатушы-консультанттар түрлі салаларда сұранысқа ие: тұрмыс техникасынан бастап, азық-түлікке дейін.Ірі республикалық желілер де қызметкерлерді іздестіруде. Ал ондай жұмысқа еңбек өтілімен де, өтілінсіз де қабылдай береді.Қызылордада бүгінде көптеген бос жұмыс орындары сауда-саттық саласында болып отыр.Компанияларға қашан да жолға шығуға әзір немесе кеңсені жаңадан ашуға дайын сауда өкілдері және аймақтық өкілдер қажет.Дәріханалармен бірге қызмет ететін медицина қызметкерлері керек. Тіпті қайырымдылық ұйымдарына да қызметкерлер қажет.Түрлі пән мұғалімдері сұраныста, әсіресе мектепке дейінгі және бастапқы сынып оқушылары үшін.Бұл салада бүкіл Қазақстандағыдай ағылшын тілі мен ментальді арифметика мұғалімдері құнды.Қызылордада инженерлік біліммен де жұмыс табуға болады.Аймақта тау-кен қазу өнеркәсібінде жұмыс істеуге әзір жобалаушы-инженерлер, техникалық білімі бар сатушылар тапшы.Сервистік қызмет саласында жұмыс істейтін инженерлер үшін де қашан да ашық бос жұмыс орындары табылады.

Қызылордада жұмысты қайдан іздеу керек?

Бүгінде интернет жұмысқа тұрудың ең танымал құралы болуда. rabota.nur.kz сайтында біз қаланың ең үздік бос жұмыс орындарын жинадық.Олардың бәрі өзекті – біз базаны күнделікті тексеріп отырамыз. Қызылордадағы жұмыс іздеу сәтті болуы үшін rabota.nur.kz сайтына тіркеліп,түйіндеме құрыңыз.Жаныңызға жақын бос жұмыс орнын табу қиындық тудырмайды!

толығырақ