Қостанайдағы жұмыс

Табылды 195 бос қызмет орны

Салалар бойынша бос қызмет орындарын іздеу

Қостанайда жұмыс

Батыс Сібірдің оңтүстік-батысында орналасқан Қостанай қаласы Қазақстанның жас қалаларының бірі болып табылады.Бұл қала көпшілікке тың жерлерді игерумен ассоциацияланады. Аймақ бүгінге дейін республиканың астық астанасы саналады.Ұн және басқа өнімдер шығару қала кірісінің көп бөлігін қамтамасыз етеді. Мұнда кондитерлік өнімдер, ет консервілері, сусын шығарылады.Қостанайда тамақ өнеркәсібінде жұмыс табу қиын емес.Жеңіл өнеркәсіпке де мамандар қажет – қалада киім-кешек пен аяқ киім тігу дамуда. Мұнда ірі фабрикалар кеңес кезеңінен бар.Аймақ түрлі пайдалы қазбалар мен ормандарға бай, сол себепті, Қостанайда қазба жұмыстары, өңдеу және ағаш дайындауөнеркәсіптерінде жұмыс табуға болады.Сонымен қатар, машина жасау да жақсы дамыған.Қаланың білім, ғылым, шағын және орта бизнес салалары да өркендеуде.

Еңбек нарығы не ұсынады?

Бизнесті жаңа деңгейге көтеруге тырысу және дамудың жаңа жолдарын іздеу – қазақстандық бизнестің өзіндік ерекшелігі десек болады.Және Қостанайлық компаниялар да соның қатарында. Бүгінде Қостанайда бос қызмет орындар сауда саласында басымырақ.

Бірақ, қала басқа да мамандарды керек етеді. Міне, солардың алғашқы тізімі:

  • сауда менеджерлері
  • заңгерлер
  • сатушы-консультант
  • медицина мамандары

Сауда саласының көптеген бағыттарында – тұрмыстық техникадан бастап жарнама алаңдарының саудасына дейін мамандар кажет етіледі.Қызметтердің көбі көтерме саудагерлермен және корпоративті клиенттермен жұмыс жасауды талап етеді.Сонымен қатар, сауда өкілдері мен клиенттермен жұмыс істейтін мамандар қажет.Әрбір қызметкердің жоспары мен тиімді жұмыс атқаруына жауап беретін басқарушы персоналдар да сұраныста.Супервайзерлер, әкімгерлер, дүкен меңгерушілері үшін бос қызмет орындары әрдайым ашық.Аймақта сауда және қаржы ұйымдарында заңгерлер сұраныста.Қостанайда бос қызмет орындары медицина саласында да бар. Әсіресе, орта деңгейдегі медицина персоналдары – медбикелер, фельдшерлер, фармацевтер.Ірі қарамен жұмыс тәжірибесі бар мал дәрігерлері де қажет.Аймақта офис-менеджерлер, хатшылар, кадр мамандары, көлік жүргізушілер, сатушылар сияқты қызметкерлерге де сұраныс жоғары.

Қостанайда қайдан жұмыс іздеу керек?

Қазақстанда қазіргі таңда интернет желісін компаниялар да көп қолданады. Және rabota.nur.kz сайты Қостанай жұмыс іздеуде тамаша мүмкіндік.Егер Сіз бізде түйіндемеңізді жарияласаңыз, жұмыс берушілер оны жылдам тауып Сізге жаңа қызметке ұсыныс жасайды жіне Сізді үміткерлер базасына енгізеді.Оған қоса, Сіз өзіңіз де керек бос қызмет орнын оңай тауып аласыз – біздің бос қызмет орындары базасы үнемі толықтырылып, жаңартылып тұрады.

толығырақ