Қарағандыдағы жұмыс

Табылды 1225 бос қызмет орны

Салалар бойынша бос қызмет орындарын іздеу

Қарағандыдағы жұмыс

Қарағанды облысы - ауданы бойынша республикадағы ең үлкен облыс. Онда Қазақстан халқының он пайызы дерлік тұрады.Соның өзінде жұмыссыздық деңгейі төмен.Еңбек нарығы ұдайы өсіп жатқан Қарағандыдан кез-келген маман жұмыс таба алады.Қазақстанның қақ ортасындағы халық саны жарты миллионға жетіп қалған ірі қала барлық ТМД-ға көп жылдар бойы «шахташылар қаласы» ретінде танымал.Дегенмен бұл жерде өнеркәсіптің өзге салалары (байыту, металл өңдеу, азық-түлік), ғылым мен мәдениеттің дамып жатқанына бірнеше ондаған жылдың жүзі болды.

Еңбек нарығы нені ұсынады?

Қарағандыдағы бос жұмыс орындары өзге Қазақстан өңірлеріндегідей бірінші кезекте сауда-саттық саласында ашық болып табылады.Менеджерлер, қоймашылар мен логистер бизнестің барлық саласында дамуды қаматамсыз етіп отыр.

Қала мен облыстағы ең сұранысқа ие мамандар тізімі шамамен келесідегідей:

  • сауда-саттық бойынша менеджерлер мен сауда агенттері
  • өнеркәсіп жұмыскерлері
  • бухгалтерлер мен қаржыгерлер
  • мұғалімдер
  • жүргізушілер

Қарағанды облысының өнеркәсібі кадралрға тапшы. Бұл аймақ көп жылдардан бері елімізге көмір мен металды өндіруде.Бос жұмыс орындары облыстық орталықтан өзге жерлерде де ашық. Мәселен, тәжірибесі бар жұмыскерлер мен механиктер Теміртауда сұранысқа ие.Қарағанды саудасындағы бос қызмет орындары барлық салада кездеседі – құрылыс материалдарының саудасынан бастап, жарнама алаңдарын сатуға дейін.Бірақ тек сауда-саттық менеджерлері ғана емес,клиенттермен жұмыс менеджерлері де керек - олар үздіксіз консультация жүргізіп отырады.Құжаттармен жұмыс істей алатын бухгалтерлер мен экономистер қашан да сұраныста болады. Бизнес істерін жүргізу керек.Қалаға мұғалімдер де қажет. Әсіресе сирек пәннің мұғалімдері құнды, оның ішінде заманауи технологиядан хабары бар, күрделі тау-шахталық құрылғымен жұмыс істей алатын, ағылшын тілін білетін оқытушылар тапшы.Тек жеке жеңіл көлігі бар жүргізушілер ғана емес, С дәрежесін алып, жүк көлігін жүргізе алатындар да сұранысқа ие.HR-менеджерлер, сатушылар, кассашылар – бұл мамандықтар да қала мен облыста бүгінде ашық. Білікті мамандар 100 мыңнан жоғары жалақы ала алады.Қалада көбіне топ-менеджерлер жоғары жалақыға ие. Менеджерлер мен қаржыгерлер де аз таппайды. Іздеп жүргендер үшін Қарағандыда жұмыс табылады.

Қарағандыда жұмысты қалай іздеу керек?

rabota.nur.kz интернет пен сайты - Қарағандыдағы жұмыс іздеудің ең ыңғайлы тәсілі.Қаланы таңдап, іздеген мамандығыңыздың атауын енгізсеңіз болғаны, барлық ашық бос жұмыс орындарын көре аласыз.Одан бөлек қордың өздігінен іздеуіне рұқсат беріп, армандаған мамандығыңызды таба аласыз.Немесе түйіндемені құрып, оны компанияға көрінетіндей етіп, сайтта тіркелсеңіз, жұмыс беруші сізді өзі табады!

толығырақ