Атыраудағы жұмыс

Табылды 399 бос қызмет орны

Салалар бойынша бос қызмет орындарын іздеу

Атырауда жұмыс

Орал өзені аңғарында орналасқан Орал қаласы ертеден бері Қазақстанның мұнай астанасы атын абыроймен алып келе жатыр.Сонымен қатар, пайдалы қазбаларымен, қара уылдырығымен де әйгілі. Аймақтың Каспий жағалауына жақын орналасуы балық өндіруге мүмкіндік береді.Атырауда әр-түрлі салада жұмыс табуға болады.Өндірістік және өңдеуші өнеркәсіптерімен қатар, мұнай жабдықтарына арналған іріктемелер мен сұйыққойма шығаратын зауыттар да жұмыс істейді,агроөнеркәсіп кешені (жылыжайлар салынуда) дамуда, қызмет көрсету саласы, соның ішінде медициналық қызмет көрсету саласы қарқынды дамуда.Балық зауытына жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар.Қазақстанның басқа қалаларындағы тұрғындары жоғары жалақы үшін мұнда көшіп келуге дайын.

Еңбек нарығы нені ұсынады?

Атырауда еңбекақы шынымен республика бойынша орташа жалақыдан жоғарырақ төленеді. Орташа алғанда 200 мың теңге. Бұл әрине мұнай-газ саласында.Қалада 217 мыңнан астам, облыста – 500 мыңнан астам адам бар. Атырау облысы ірі шетелдік мұнай компаниялары жұмыс істейтін мұнай кен орындарына бай.Бірақ, Атырауда жаңа бос жұмыс орындары сауда-саттықтан бастап мейрамхана бизесіне дейін көптеген салаларда бар.

Бүгінде бос жұмыс орындарын оңай табуға болатын салалар бірнешеу:

  • сауда-саттық
  • медицина
  • бухгалтерия
  • құрылыс және қызмет көрсету

Сауда-саттық менеджерлері, сатушылар, консультанттар, сату бөлімшелерінің меңгерушілері түрлі салаларда қажет етіледі.Және бұл мансапты басынан бастаудың жақсы әдісі. Кейбір жағдайларда сатушыға инженерлік немесе басқа техникалық білім талап етіледі, себебі,мұнай-газ саласына іріктеу жұмыстарын жүргізу керек.Қалада, жалпы бүкіл елімізде, туу көрсеткіші өсіп келеді. Атырауда бос жұмыс орындары бүгінде медицинада да бар.Дәрігерлермен қатар орта деңгейдегі медицина қызметкерлері қажет, сонымен қатар, сауда-саттық саласында тәжірибесі бар медицина өкілдері де сұраныста.Бухгалтерлер, есесптеуші-бухгалтерлер компанияларға түрлі есептер жүргізу үшін керек.Ғимараттар және басқа да нысандарда жұмыс істейтін құрылысшылар мен мамандарға көп жағдайда мұнай-газ саласында білімі мен тәжірибесі болғаны керек.Атырауда бос жұмыс орындарының көбі ағылшын тілі білімі болғанын талап етеді, себебі жұмысты ірі халықаралық компаниялар ұсынады.Мұнай-газ еңбек нарығында да кадрлар керек.Осы нарықта қызметшілер де қажет – HR-менеджерлер, аудармашылар, қаржыгерлер, логистер, маркетологтар, жұмысшы күш.

Атырауда қайдан жұмыс іздеу керек?

Бүгінде жұмыс іздеудің кең таралған әдісі – интернет. Бірақ желіде қайдан бос жұмыс орындарын іздеу керектігін де білген дұрыс.rabota.nur.kz сайтында түйіндеме құру – Атырауда жұмыс табудың ең оңай тәсілі.Қаланың атын енгізу арқылы сондағы барлық саладағы бос қызмет орындарын көре аласыз.Немесе, іздеу жолағына қалайтын лауазымды енгізіп нәтижесін көруге болады.Сіздің түйіндемеңіз барлық тіркелген компаниялар үшін әрқашан ашық, сондықтан Сізге армандаған жұмысыңызды табуға үлкен мүмкіндік жасайды.

толығырақ