Ақтөбедегі жұмыс

Табылды 256 бос қызмет орны

Салалар бойынша бос қызмет орындарын іздеу

Ақтөбеде жұмыс

Қазақстанның батысындағы ірі қалалардың бірі әрі халық саны бойынша елдегі бесінші қала күн санап бос жұмыс орындары санын арттыруда.Мұнда химиялық өнеркәсіп, көлік құрастыру, ауыл шаруашылығы, бөлшек және көтерме сауда дамыған. Қалада ірі зауыттар жұмыс істейді.Ақтөбеде түрлі саладан жұмыс таба аласыз. Жаңа бос жұмыс орындары тұрақты түрде табылып отырады.Бүгінде 400 мыңдай адам тек қалада тұрады.Негізі қаланып жатқан ақтөбелік агломерацияның болашақта орталықтан бір сағаттық жерде 1,3 млн адамды сыйдыратын елу шақты елдімекені болады.Қала Қазақстанның өзге аймақтарынан әлдеқайда жылдам дамуда - 10 жыл ішінде халық саны бір жарым есеге артқан.Келешекте ірі урбанизациялық орталыққа айналады. Еңбек нарығындағы бәсекелестік те өркендеп келеді.

Еңбек нарығы нені ұсынады?

Ақтөбеде бұған дейін де көптеген бос жұмыс орындары ірі зауыттарда ашылып отырған, ал бүгінде сауда саласында мамандар тапшы болуда.Қалада супермаркеттер желісі дамып, оларға белсенді түрде персонал іріктелуде.Сонымен қатар білім саласындағы мамандар, медициналық қызметкерлер мен IT мамандары да сұранысқа ие.

Аймақтағы ең сұранысқа ие мамандар:

  • Сатушы (кассашы)
  • Сауда өкілі
  • Қызмет көрсету саласының маманы
  • Сауда-саттық бойынша менеджер

Сатушылар еңбек өтілімен де, өтілінсіз де сұраныста болып отыр. Көптеген консультант-саудагерлерді «сұлулық саласындағылар» іздестіріп жатыр.Ірі республикалық компанияларға жиі аймақтық өкілдер қажет етіледі.Ақтөбеде бос жұмыс орындары барлық дерлік қызмет көрсету салаларында бар: аниматордан бастап аспазға дейін.Жаңа кафе, мейрамханалар мен ойын-сауық орталықтары ашылуда. Қалада қызмет көрсету саласы өркендеп жатыр.Сауда-саттық бойынша менеджерлер бүгінде сатылымды арттыруды жоспарлап отырған көптеген компанияларға қажет.Ашық бос жұмыс орындары бүгінгі таңда мұнай және газ мамандарына, авиация саласының мамандарына, инженерлерге және аудармашыларға өзекті болуда.Бұдан бөлек Ақтөбеде жақсы жұмысты жоғары білімсіз-ақ табуға болады. Мәселен, медбике неме кеңсе менеджері қызметіне орналасу.Аймақтағы орташа жалақы мөлшері 100 мың теңгені құрайды.

Ақтөбеде жұмысты қайдан іздеуге болады?

Ақтөбеде жұмыс іздеуді жеңіл әрі тез етуге болады, ол үшін rabota.nur.kz сайтына тіркеліңіз.Бұл жерден сіз жұмыс берушілердің тікелей ұсыныстарын таба аласыз, сайттағы барлық бос жұмыс орындары өзекті.Жақсы түйіндеме құрып, оны тұрақты түрде жаңартып отырсаңыз жұмыс берушінің назарына ілігесіз.Сіз өзіңізді қызықтырған бос жұмыс орындарына жауап қата аласыз.Осылайша жалақысынан бастап, кеңсенің орналасуына дейін көңіліңізден шығатын қызметті табу жеңіл болмақ.

толығырақ