Ақтаудағы жұмыс

Табылды 337 бос қызмет орны

Салалар бойынша бос қызмет орындарын іздеу

Ақтауда жұмыс

Маңғыстау облыстық орталығының халқы 200 мың адамға жетіп қалды.Өндірістік сала аймақтың дамуын айқындап, бүгінде оның негізгі күші болып отыр.Өндірістік қала мұнай және газ кен орындарына бай. Облыстың аймағында 200-ден астам кәсіпорын жұмыс істеуде, олардың дені облыстық орталықта орналасқан.Алайда Ақтауда өзге салаларда да жұмыс баршылық. Қаланың даму қарқыны жоғары. Мұнда жалғыз қазақстандық теңіз порты орналасқан.Бұл транспорттық түйін арқылы Қазақстанда өндірілген шикізат және өзге де тауарлар экспортталады.Теңіз порты – бұл Түркіменстанмен, Иранмен және шығыстың өзге де елдерімен сауда жасаудағы ашық қақпа.

Еңбек нарығы нені ұсынады?

Ақтаудағы бос жұмыс орындары түрлі салалар үшін ашық. Қалада сауда мен шағын бизнес дамуда.Саудамен, экспортпен, мұнай және газ саласымен байланысты барлық мамандықтар құнды.Аймақ бойынша орташа табыс жалпы республика бойынша сәл жоғары - шамамен 120 мың теңге.

Ақтауда жұмысты жеңіл табуға болатын салалардың тізімі шамамен келесідегідей:

  • өндірістік өнеркәсіп
  • сауда-сатттық
  • логистика
  • аудармашылық
  • құрылыс
  • мейрамханалар

Сауда-саттық бойынша менеджерлер, сатушылар, сауда өкілдері халыққа белгілі бір тауарды сатумен айналысады.Жалақысы жұмыскердің еңбекқорлығына тікелей байланысты, еңбек ақысына сатылымнан түсетін пайыздардың үлесі зор.Ақтауда логистика және қойма шаруашылығы саласында бос жұмыс орындары ашылуда.Ондай мамандар кішігірім фирмалармен қатар экспортқа бағытталған ірі компанияларға да қажет.Қалада жеткілікті дәрежеде шетел мамандары жұмыс атқарады. Фирмалар түрлі елдердегі әріптестерімен жұмыс істейді.Осы орайда аударманың ең сұранысқа ие тілі - ағылшын.Дегенмен айтарлықтай танымал емес тілдерді де меңгергендерге сұраныс бар.Құрылыста бірінші кезекте түрлі жұмыскерлер қажет – сырлаушылар, сылақшылар және өзгелер.Қаланың мейрамханалары әлемнің әр түкпірінен қонақтарды қарсы алуға әзір. Жаңа нысандар ашылуда, аспаздар, даяшылар мен бармендерге сұраныс артуда.Ірі компанияларға персоналды іріктеумен айналысатын HR-мамандарға да өңірде сұраныс жоғары.қаланың күнде жаңартылып отыратын жаңа бос жұмыс орындары базасын табу. Бос жұмыс орнын таңдау.

Ақтауда жұмысты қайдан іздеу керек?

Ақтауда жұмысты интернет арқылы іздеу - сәттілік кепілі. rabota.nur.kz сайтында көңіліңізден шығатын жұмысты тауып оған бірнеше рет шерту арқылы жауап қатуға болады.Сауатты әрі ақпаратқа қанық түйіндемені құру сәл көбірек уақыт алады. Алайда бұл - жұмыс берушілердің денін назар аудартудың амалы.Әрі армандаған жұмысыңызды табудың мүмкіндігі!

толығырақ